Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Созақ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде жиын өтті

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиын өтті.

Жиын барысында, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңын және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдаманың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша бірқатар мәселелерге тоқталды. Кәсіпорын директорының орынбасары Қ.Мырзалиевтың төрағалығымен өткен жиында, Сыбайлас жемқолықпен күресу әр-бір азаматтың міндеті әрі азаматтық парызы екені түсіндірілді. Сонымен қоса, жиынға қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу жайы кеңінен айтылып, ұжым болып күресуге шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

К 75-летию судебной экспертизы Казахстана: на Turkistan TV вышло специальное интервью о развитии экспертной службы

admin

Түркістан: 2 мектептің құрылысы әлі біткен жоқ

admin

Жетісу облысында 67 адам эвакуацияланды

admin