Түркістанның «ТҰРАН» командасы премьер-лигaда

Футболдан бірінші лига командалары арасында кезекті тур ойындары өтті. Түркістанның «Тұран» командасы Оралда «Ақжайықпен» кездесті. Ойын өте тартысты болды. Өйткені оралдықтардың премьер-лигаға жолдама алуға мүмкіндігі бар еді.

Матчтағы жалғыз голды Батыр Мұқашев салды. Осылайша, командасына кезекті үш ұпайды әперді. Осы жеңістен кейін «Тұран» ұпай санын 62-ге жеткізіп, 3 тур бұрын кем дегенде екінші орынды еншілеп, премьер-лигаға жолдама алды. Фамильцевтің шәкірттері 25 кездесуде 20 рет жеңіп, 2 рет тең түсті. Үш рет есе жіберді. Доп саны: 74-25. «Тұранның» қалған 3 кездесуінде қандай нәтиже тіркелсе де, ешқандай қарсыласы қуып жете алмайды.

ПІКІР ЖАЗУ