Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: ауданымыздың тазалығы барлығымызға ортақ

Әр аптаның сенбі күні аудан аумағында Арман Абдуллаевтың бастауымен қолға алынған тазалық шарасы жалғасын табуда.

Бүгінгі күн де тазалық жұмыстары А-15 тас жолынан бастау алды. Өткізіліп жатқан тазалық шарасына аудан басшысы Арман Абдуллаев белсене қатысып, белсенділерімен біргелікте арам шөптерден тазартты.

Сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты арам шөптерінен тазартып,қоқыстардан жинады.

Жалпы тазалық шарасы қала, кент және ауылдық округтер аумағын толық қамтыды. Шараға қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Сенбілік жұмыстарының басты мақсаты – ауданның көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.

Құрметті аудан тұрғындары сіздерді қоршаған ортаны қорғап, тазалықты сақтауға шақырамыз. Аудан тазалығы бәрімізге ортақ!

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Полицияның қарқынды қызметінің арқасында мал ұрлығы қылмысы 47,7 пайызға кеміген

admin

Созақ: «үкіметтік емес ұйымдар – қоғам ұйытқысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

admin

180 күннен кейін газ бағасы қалай өзгермек?

admin