Бәйдібек: әкім орынбасары кезекті отырыс өткізді

Бәйдібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл, тұрғын үй комиссиясының төрағасы, Б. Жанғазиевтің және тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің қатысуымен комиссиясының кезекті отырысы өтті.

​Комиссия отырысының күн тәртібінде: 1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Тұрғын үй қатынастары туралы N 94 Заңына сәйкес аудандағы тұрғын кезегін түгендеу мәселесі, 2) Аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған белгіленген санаттарға (көп балалы отбасылар, жетім балдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар және 1 және 2 топтағы мүгедектер) «Отбасы банк» АҚ арқылы жалдамалы пәтерлерлеріне субсидия беру мәселесі қаралды.

​Күн тәртібіндегі мәселелерге комиссия төрағасы Б. Жанғазиев жеке жеке тоқталып, атқарылған жұмыстар бойынша бірқатар мәселелерді хабарлады. Атап айтсақ Тұрғын үй кезегін түгендеу бойынша аудандағы жалпы 775 тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың 115 тексеру жүргізіліп, оның 20 тұрғыны (11- атында мүлкі пайда болуына байланысты, 9-ауданнан басқа өңірге қоныс аударуына байланысты) кезектен шығарылғанын және алдағы уақытта қалған кезектегі тұрғындарға тексеру жүргізуді тапсырды.

​Сонымен қатар, аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған белгілі санаттарға (көп балалы отбасылар, жетім балдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар және 1 және 2 топтағы мүгедектер) «Отбасы банк» АҚ арқылы жалдамалы пәтерлерлеріне субсидия беру мәселесі бойынша тұрғындарға ауыл әкімдіктері арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ