Түркістан: Бәйдібекте Созақ ауданының мәдениет күндері өтті

Түркістан облысында «Туған жер – алтын бесігім» атты қала, ауданаралық мәдениет күндері бастау алған болатын. Мәдени байланысты нығайтуға бағытталған шара аясында Созақ ауданының Бәйдібек ауданындағы мәдениет күндері өтті.

«Шежірелі Созақтан – берекелі Бәйдібекке сәлем!» атты аудан өнерпаздарының Гала-концертіне Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков арнайы қатысып, сөз сөйледі. Естелік сый табыстап, құрмет көрсетті.

Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» қолөнер шеберлерінің және «Сиқырлы бояулар әлемі» қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі, «Созақ – қария, Созақ – мінез, Созақ – өнер» атты кітап көрме-инсталляциясы жасақталған. Шара барысында «Ерулік беру – ел салты» қазақи салт-дәстүрлерге байланысты көріністер көрсетілді. «Сырлы Созақ сазы» Созақ ауданы композиторларының әндерінен ән шашу орындалды. Созақ ауданының табиғаты, жетістіктері туралы бейнетуынды көпшілік назарына ұсынылды.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ