Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Мақтааралда мақта бақылауда

Мақтаарал ауданындағы «Zhanasyl», «Береке ММА» және «Қазақ Ресей» мақта зауыттарының науқан кезіндегі жұмыстарымен облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы танысты.

«Zhanasyl» мақта зауыты — жылдық қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын шығарады. Қазіргі таңда 7000 тонна мақта қабылдаған. 2 ауданда 9 бірлік мақта қабылдау бекеттері бар. Мақта бағасы зауытта 250 теңге, бекетте 246 теңге.

«Береке ММА» мақта зауыты — жылдық қуаттылығы 10 мың тонна мақта талшығын өндіру. Қазіргі уақытта мақта бағасы 220 теңге, сонымен қатар ірі шаруаларға мақтасын өңдеу қызметін қоса атқаруда.

Ал, «Қазақ Ресей Мақта өңдеу зауыты» — қазіргі таңда зауыттарға және шаруаларға мақтаны өңдеу қызметін көрсетуде.

Айта кетейік, зауыттарға келудегі басты мақсаты — ондағы шикізатты қабылдауға арналған құрылғылардың жағдайын білу, диқандар өнімін жекеменшік зауыттарға өткізгенде барынша тиімді сата алуына ықпал жасалуын қадағалау.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев еліміздің қай салада мүмкіндігі жоғары екенін атады

admin

Ордабасы: туған жерді жасылдандыру жұмыстары жалғасын табуда

admin

Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижелері

admin