Ордабасы: ұстаздар жетістікке жеткен шәкірттерімен мақтанады
Бүгін аудан орталығы Темірланда Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық Білім басқармасының өкілі Арап Қайрат, облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Бақыт Сейітжаппарұлы қатысты.
Аудандық Мәдениет үйінде мектеп оқушыларының зияткерлік жетістіктері, интелектуалды тапқырлықтарының көрмесін тамашалаған аудан басшысы білімпаз оқушылардың жаңа жобаларына сәттілік тіледі.
Атаулы күнге орай ұйымдастырылған мерекелік жиында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы ауданымыздың білім саласындағы оң көрсеткіштеріне тоқталып, өңірдің ағартушылық саласына еңбегі сіңген мұғалімдерді марапаттады.
«Бүгінде ауданымыздағы 70 мектепте жалпы 4416 ұстаз еңбек етеді. Сондай-ақ, ауданымыздың білім саласында ұзақ жылдар қызмет еткен 127 ардагер ұстаз зейнеткерлікте. Осынау мерекені пайдалана отырып, ауданымыздың білім саласында еңбек еткен барша ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін», деді аудан әкімі құтықтау сөзінде.
Айта кетерлігі, Ордабасы ауданы аумағында 2022-2023 оқу жылында 5 712 мұғалім қызмет атқаруда. 2021-2022 оқу жылы Олипиадаға 34 оқушы қатысып, оның 10-ы облыстық, 5-і республикалық байқаулар жүлдегерлері атанды. 2022-2023 оқу жылында 34 оқушы білім бәсекесіне қатысса, оның 17-сі облыстық жарыста жүлде алған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі