Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ордабасы: білім саласының ардагерлері марапатталды

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Мұғалімдер күніне орай ауданымыздың ардагер ұстаздарын қабылдап, мерекесімен құттықтады.

«Ауданымыздың білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікте де ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін», деді аудан әкімі ардагер ұстаздармен кездесуде.

Өз кезегінде ардагер ұстаз Зәмира Маханова өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аудандық Білім бөлімімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлының атынан қарт ұстаздарға арнайы Алғыс хат, сыйлықтар табысталды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме жалғасын тапты

admin

Түркістан облысында 160-қа жуық азамат ауыл шаруашылығы санағына нұсқаушы ретінде жұмысқа тартылды

admin

ШЫМКЕНТ: Тәшенов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin