Сарыағаш: ауданымыздың жас спортшылар жүлделі орынмен оралды

Ауданымыздың боксшылар облыстық чемпионаттан жеңіспен оралды. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында алғаш рет ұйымдастырылған додада «АБК» бокс клубының үздіктері ауданымыздың намысын қорғады. Облыстық чемпионатта жас боксшылардың екеуі алтын медаль иегерлері, бірі күміс жүлде иегері атанды.

Атап айтсақ, облыстық чемпионатта “АБК” бокс клубының шәкірттері: Ақжол Ерасыл мен Мейіржан Хусайнов 54 және 52 келі салмақтарда чемпион атанып, ал, 2 орынды Анарбек Думан иеленді. АИВА ережесіне сәйкес өткен шаршы алаңдағы бәсекеге облыс бойынша 300-ге тарта жас спортшылар 24-29 қыркүйек аралығында Түркістан облысында сайысқа түскен.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ