Сарыағаш: кезектен тыс сессия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс VIII сессиясына қатысты.Кезектен тыс сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.Халық қалаулары атқарылған жұмыстар бойынша бірқатар сұрақтар қойып,аудан басшысының жұмысына оң баға берді.

Екінші мәселе Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағына үміткерлердің тізімі және атқарған еңбектері туралы аудан әкім аппаратының басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Балабаев баяндап өтті.Аталған тізім сессия қатысушы 17 депутаттың ішінде 15 қолдап,2 депутат қарсылық білдірді.

Келесі мәселелер: аудандық мәслихаттың 2022 жылғы желтоқсан айында «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев өз есебін беріп, аудандық мәслихат аппаратының басшысы О.Жанысбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы баяндама жасады.

Берілген есептер және баяндамалар бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, әрбір мәселе қызу талқыланды.

Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар беріліп, аудан басшысы өз бақылауында қарайтынын ескерте кетті.Сондай-ақ, аудан басшысы жиын қорытындысында белсенді ат салысып, қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғыс білдірді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ