Сарыағаш: аудан әкімі қаланы дамыту жоспары бойынша жұмыстарды саралады

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы дамыту жоспары бойынша аумақта атқарылып жатқан жұмыстарды арнайы барып, саралады.

Алдымен, қала аумағында бірнеше көшелерге су жиналуы және тұрғын үйлерге кіру қаупі мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.

Осыған орай, аудан басшысы Дүйсебайұлы, Майлықожа көшелеріне астау салу жұмыс барысын бақылады. Сонымен қатар, А-15 Республикалық маңызы бар тас жолының бойындағы жасыл екпелерді суғару жүйесін құру жұмыстарын көрді.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін А-15 тас жолының бойында егілген жасыл екпелерді күтіп, ұстау жұмыстары арнайы техникалармен тасымалдап суғару арқылы жүргізіліп келген болатын.

Суғару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, қазіргі таңда Рамадан каналының бойына су насостарын орнату және А-15 тас жолының бойында суғару жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудан әкімі Самал 3 мөлтек шағын ауданында салынып жатқан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысты.

Аудан басшысы Арман Абудллаев жұмыс барысын аралау кезінде жұмыс барысын жүйеге келтіріп кестеге сәйкес жұмысты жандандыруды қала әкімі М.Доспуловқа және жауапты мердігер мекеме өкілдеріне міндеттеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ