Созақ: Дін саласының қызметкерлері арасында футболдан өткен облыстық турнирдің жеңімпаз командалары анықталды
Бүгін ауданда Созақ ауданының 95 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысына қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан ұйымдастырылған облыстық турнирдің жеңімпаз командалары анықталды.
Аталған турнирде облысқа қарасты аудан, қалалардағы дін саласының қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Жарыс жолындағы ақтық сында Түркістан қаласы мен Созақ ауданы командасы өзара сынға түсіп, Түркістан қаласынан келеген дін саласы қызметкерлерінен құралған команда турнирдің чемпиондары атанды.
Жүлделі ІІ ші орынды Созақ ауданы иеленіп, Жетісай қаласы ІІІ ші орынға табан тіреді. Жүлделі орыннан көрінген командаларға арнайы кубок, медалдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншыларға жеке-жеке марапаттар табысталды.