Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: қала әкімі жеке қабылдау өткізді

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға онға жуық тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін көтерді.

Қабылдауда болған азаматтар қала басшысына жер мәселесі, ойын алаңшасын орнату, жол жөндеу, қайтарымсыз грант алу секілді бірқатар мәселелер айтылды.

Қала басшысы Жандос Қалмұрзаұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сондай-ақ тиісті бөлім басшыларына халықтың шағымдары мен ұсыныстарын шешу бойынша тапсырмалар берді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қытайда 3 шақырым туннельді 110 күнде қазады, Алматы метросын ше?

admin

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастар форумы өтті

admin

«ДАЛА СЕМИНАРЫ» мегаполис агросекторы

admin