Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Алматы қаласына Түркістан өңірінен 400 тоннадан астам өнім жөнелтілді

Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылатын болады.

Айта кетерлігі, республикадағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Еліміздегі агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) күнгей өңірде. Биыл 8 айдың көлемінде облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 506,2 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Бұдан өзге, салаға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд. теңгені құраған. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешен саласында биыл 10,6 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылып, 300-ге жуық жұмыс орындары ашылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістаннан көлік ұрлап келе жатқан жас жігіт шымкенттік полицейлерге ұсталды

admin

Қазақстан мен Жапония өз әріптестігін 14 стратегиялық келісіммен бекітті

admin

Мал ұрлығының 8 фактісіне қатысы бар күдіктілерді ұстады

admin