Түркістан: жоспар жүйелі орындалуда

Ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту- мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі.

Облыс орталығында да қариялардың өмір сүру белсенділігін арттырудың түрлі жобалары жүзеге асып, арнайы қызмет түрлерін ұсынатын орталықтар жұмыс жасауда.

Соның бірі- Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнет жасындағы қала тұрғындарының салауатты өмір сүруі мен денсаулығына жағдай жасауда. Одан бөлек, мекемеде белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну мен олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Статистикаға сәйкес, орталықта күнделікті 60-70 зейнеткерге көмек көрсетіледі. Биылғы жылғы жоспарда орталықта 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, бүгінге дейін 1466 адам арнайы көмекпен қамтылып үлгерген.

Айта кетейік, орталық қызметі ақысыз көрсетіледі. Мекемеден қызмет алу үшін +7 777 605 6718 Еркін нөміріне хабарласа аласыз. Немесе О.Мұсабекова көшесі, № 2А үйде орналасқан ғимаратта арнайы мамандармен байланыса аласыз.

ПІКІР ЖАЗУ