Түлкібас: Азаттық ауылында ауыл тұрғындарымен кездесу

​ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.

​Осыған орай ағымдағы жылдың 4 қазан күні, Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Азаттық ауылында Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратында , ауыл әкімі Н.Нышанбай ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге ардагерлер, ауыл ақсақалдары, және ауыл тұрғындары қатысты.

Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасады.

​Кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының ​ мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.

ПІКІР ЖАЗУ