Төлеби: Тасарық ауылдық округінде жүзеге асқан жобалар ауқымды

Түркістан облысы мәслихатының бекітілген шешіміне сәйкес, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төртінші тоқсандағы үшінші кездесуі Тасарық ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық клуб ғимаратында ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы 2023 жылдың 8 айында ауылдық округ аумағында жүзеге асқан жобалар мен ІІІ тоқсандағы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Тасарық ауылдық округі бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 51,087 шақырымды құраса, Оның ішінде елді мекендердің ішкі көшелері 34,6 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 96,5 %. Биылғы жылы аудандық бюджет есебінен 0,88 шақырымды құрайтын Е.Ерназаров көшесіне 19,7 млн теңге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сметалық құжаты жаңартылып, алдағы бюджеттік нақтылауға ұсынылатын жолдар: Ханарық елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 1,15 шақырым С.Рахимов, Мәуелі көшелеріне құны 14,6 млн теңгені құрайтын сметалық құжаттама әзірленіп, «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасына ұсыныс берілген. Алайда қолдау таппады, қазіргі кезде сметасы қайта жаңартылуда. Алдағы болатын бюджетті нақтылуға қайта ұсынылатын болады.

Округ халқын толғандырған мәселелердің бірі – Ханарық елді мекеніндегі көпір. Бұл көпірдің құрылысын жүргізген мердігер мекемеге қатысты сот процесі аяқталып, сот үкімі шықты. Үкім бойынша мердігер «Қайнар-Құрылыс» ЖШС техникалық қадағалаушы «Глобус инжиниринг» ЖШС қатысты жазасы тағайындалып, жалпы соммадағы 22 559 027 теңге берешек қарызы мемлекетке қайтарылды. Қазіргі кезде көпірдің жобасын қайта әзірлеуге (корректировка) жобалау-іздестіру жұмыстары (смета на ПИР -19,2 млн теңге гидрогеологиясын, тех.обследованиясын, экспертизасын қосқанда) жасалып, жобалау-сметалық құжатының алғашқы жұмыстарын бастауға 4 924,0 мың теңге қаралып, «Улмад» ЖШС тарапынан жобаға түзету енгізу жұмыстары атқарылуда.

Округ аумағында табиғи газ мәселесі толық шешімін тауып, тұрғындар ауыз судан қамтылған. Электр желілерін жаңарту ісі кезеңімен жүзеге асуда. 2023 жылы Ханарық елді мекеніндегі А.Навой, Мәуелі, С.Рахимов көшелеріне 233 бағана орнатылып, электр желілері жүргізілуде. М.Әуезов, Т.Тоғысбаев көшелерінде электр бағаналарын орнату бойынша қазу жұмыстары жүргізілуде. Береке, Итемір әулие, Беласар, Алатау, Асар көшелеріндегі электр желілерін, бағаналарды ауыстырып трансформатор орнату үшін құны 73,8 млн. тг болатын ЖСҚ әзірленіп, қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Саңлақ, Ақмола көшелеріне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату үшін «Шымгеопроект» ЖШС тарапынан демеушілік есебінен ЖСҚ әзірлеуге тапсырыс берілді. Жыл соңына дейін сараптама қорытындысы алынып,2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, 3,2 шақырымды құрайтын С.Рахимов көшесідегі электр желісі мен 1 трансформатор жыл соңына дейін ауыстырылады. Округ аумағына түнгі жарық шамдары орнатылып, аяқ жол салынған.

Бір сағаттан астам өткен кездесу барысында тұрғындар елді мекен аумағында атқарылған жұмыстарға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарын қойды. Халықтың талап-тілектерін тыңдап, мұң-мұқтажын назарынан тыс қалдырмайтын аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы кездесу барысындағы көтерілген әрбір мәселенің орындалу жолдарын талқылап, егжей-тегжей түсіндірді. Бюджеттің негізгі табыс көзі салық түсімі екенін ескеріп, шағын және орта кәсіпкерлікке жол ашатын мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Жұмыссыздық деңгейін жою үшін Үкімет тарапынан көрсетілетін көмектер жайында әңгімелеп, жеңілдетілген несиелердің халыққа тиімділігін айтты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ