Төлеби: аудан әкімінің кездесуі еркін форматта ашық әңгімелесу арқылы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төртінші тоқсандағы екінші кездесуі Қасқасу ауылдық округінде өтті. Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында өткен басқосуда аудан басшысы тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы қорытындысымен таныстырды.

Құрамында төрт елді мекені бар ауылдық округте табиғи газ тарту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі күні үш елді мекенге көгілдір отын тарту ісі толығымен аяқталып, Кеңесарықта газ құбырларында тексеру жүргізілуде. Алатау бөктерінде орналасқан тамылжыған табиғаты бар Қасқасуда елді мекендердің ішкі көшелерінің жарамдылығы 89,0%-ға жеткен. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен Көктөбе және Тастақ, Қуандық, О.Тәжібайұлы, Сырғанақты көшесі көшелері орта жөндеуден өтті. «КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады. Майдатал көшесін орта жөндеуден өкізуге мердігер анықталып, тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында Керегетас елді мекеніне 27,0 шақырым су құбыры тартылып, сыйымдылығы 300 м3 су қоймасы орнатылып, ауыз суды іске қосу үшін құбырлар тексерілді. Бұлақ басы каптаждалып біткен. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 631 халық, 158 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Жоғарғы Қасқасу ауылының халқына ауыз су жеткізу үшін құжаттарын реттелуде.

Округ халқын электр қуатымен қамту бағытындағы жұмыстар жоспарға сай кезеңімен жүзеге асуда. Биылғы жылы Сарыбұлақ көшесіне 1,650 шақырым электр желісін жүргізіліп, 1 трансформатор, 60 бағана орнатылды. Майдатал көшесіне 2,3 шақырым электр желілері тартылып, 100 бағана және 1 трансформатор қойылды. Дәл осындай жұмыстар Өмірзақұлы Қозыбақ көшесінде де атқарылуда.

Туристтер көп баратын таулы аймақта түнгі жарықтандыру, аяқ жол салу мәселесі де шешімін тапқан. Елді мекендерде көркейту, көгалдандыру ісі жоспарға сай жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес, өз мақсатында пайдаланылмаған жерлер халық үшін ортақ жайылымдық жер ретінде қайтарылуда.

Кездесудің басым бөлігі сұрақ – жауап форматында өтіп, аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы округ халқын толғандырған ағын су, ауыз су, табиғи газ, электр қуаты, көпір мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Еркін әңгімелесе отырып, тұрғындар ортақ мәселелерді шешу жолдары бойынша ой-пікірлерін, ұсыныстарын жеткізді. Аудан, округ аумағындағы жүзеге асып жатқан жобалардың, құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты өтініштерін де жеткізді.

Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке және ортақ мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелер заң аясында шешімін табатынын жеткізді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ