Сарыағаш: ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде
Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Осы орайда,аудан басшысы Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, су қоймасының қалыптары құйылып, беті жабылуда.Сондай-ақ, су айдағыш насосының құбырлары тартылып, құдықшалардағы өрт қауіпсіздігі крандарын орнату және гидроизоляция жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан әкімі Жібек жолы ауылдық округі,Дихан баба елді мекеніндегі ауыз су қоймасының мән-жайымен танысты.
Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар бере отырып,орындалу мерзімін жіті бақылауында болатынын ескертті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі