Түркістан облысында 4 ауданның әкімі сайланады

Түркістан облысында 4 ауданның әкімі сайланады. Бұл лауазымға 23 үміткер құжат тапсырды. Оның 12-сі Бәйдібек пен Созақ аудандарынан, 7-уі Мақтаарал, қалған 4 кандидат Шардара ауданынан ұсынылған. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, тексеру кезінде 2 үміткердің құжаты мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамасына сәйкес келмейтіні анықталған. Бір үміткер кандидат ретінде ресми тіркеліп, қолына куәлігі берілген. Қазір қалған үміткерлердің құжаты жіті тексеріліп жатыр. 

Жеңіс Мақұлбаев, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Қандай тәртіппен ұсынылып жатыр дейтін болсаңыз, көбінесе өзін-өзі ұсыну тәсілімен орын алып жатыр. Сондай-ақ саяси партиялардың атынан, оның ішінде «AMANAT» партиясының ұсынған үміткерлері бар. Басқа да партиялардың ұсынған кандидаттары бар. Белсенділігіміз жақсы деп отырмыз ғой. 5 қазанға дейін енді саны артуы әбден мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ