Түлкібас: ауыл тұрғындарымен кездесу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3-наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, бүгінгі таңда облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.

Осыған орай ағымдағы жылдың 3-қазан күні,Түлкібас кентіне қарасты Көктерек және Иірсу ауылдарында орналасқан мектептерде кент әкімі Е.Айтымбетов ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысты.

Халықпен кездесуде кент әкімі кентіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы мәлімдеме жасады.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға кент әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.

ПІКІР ЖАЗУ