Сарыағаш: ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында мәдениет үйінің құрылысы жүруде

Бүгін аудан әкімі Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніне арнайы барып, «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысымен танысты.

Айта кетсек, мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, іргетес құю жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

 Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ