Сарыағаш: консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті
Бүгін аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша құрылған консультациялық-кеңесші органының кезекті отырысы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен өткен консультациялық кеңесші органының кезекті отырысында 2 мәселе қаралды.
Кезекті отырысқа аудан прокуратурасының прокуроры Ә.Сұлтанұлы, аудандық пробация қызметінің басшысы Н.Аширов, аудан әкімінің қаулысымен 2023 жылға квоталық жұмыс орындары бекітілген мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның мансап орталығы филиалының директоры А.Ауезова 2023 жылдың 9 айында пробация қызметінде тіркеуде тұрған және түзету мекемелерінен бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту жөнініде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Келесі мәселе бойынша ауданның пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Аширов пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бағыты бойынша пробация қызметінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтармен 2023 жылдың 9айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Отырыс соңында аудан әкімі орынбасары А.Қозыбаев 2023 жылы пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту барысында белсенділік танытқан жұмыс берушілерге алғысын білдірді. Алдағы уақытта да, бекітілген квотаның орындалуын қамтамасыз ету үшін, осы қалыпта белсенділік танытуларын сұрады. Сонымен қатар, пробация бөлімінің басшысы Н.Ашировқа пробация есебінде тұрғын азаматтарға талдау жүргізіп, жұмыссыз азаматтардың тізімін ауданның мансап орталығы филиалы директоры А.Ауезоваға ұсыну туралы тапсырмалар берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі