Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

  • 30.10 Аудан әкімі Арман Сәбитов облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен аудан кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты.
  • 30.10 Аудан әкімі Арман Сәбитов облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясын көрді.Сондай ақ, облыс әкімі ауданға жұмыс сапары аясында Қасымбек Датқа елді мекенінде орналасқан аудандағы «Шымыр-Медет» лимон жылыжайында болды. Жалпы көлемі 1 га. жерде 2000 түп лимон көшеті отырғызылған. Мұнан соң, аудан әкімі А.Сәбитов облыс басшысымен «Mangystau Oil Refeining» мұнай өнімдерін өңдеу зауытына барды. Аталған зауыттың жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайды. Зауытта сұйытылған көмрсутек газы, бензин еріткіші, көмірсутек еріткіші, уайт-спирит (нефрас), автокөлік бензины, техникалық керосин, дизель отыны, қазандық отындары өндіріледі. Облыс әкіміне сондай-ақ Сайрам ауданында орналасатын индустриалды аймақ таныстырылды. 80 га жерде ауданның инвестициялық жобалары жүзеге асырылады.
  • 30.10 Аудан әкімі Арман Сәбитов 1 қазан —
  • халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.
  • «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада аудан басшысы ыстық
  • ықыласын жеткізді.
  • 30.10 Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осыған орай аудан әкімі Арман Сәбитов ардагерлердің
  • шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бірінші аудан басышысы
  • ұлы Отан соғысы ардагері Ахмеджан Анартаевтың шаңырағынан бастады. Мұнан соң аудан басшысы
  • Ақсукент ауылдық округінің ұлы Отан соғысы ардагері, 100 жастағы Мухаррам
  • Агзамовичтың үйіне арнайы барды. А.Сәбитов «Қарттар күні» мерекесіне орай ыстық
  • ықыласын жеткізді.
  • 29.09 аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасымен
  • аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мекен-жайын өзгертті. Естеріңізге сала
  • кетейік, облыс әкімі Д.Сатыбалды Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуінде
  • ХҚКО мекен-жайын ауыстыруды сұраған болатын.
  • 28.09 Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес аудан аумағында кешенді оқу-жаттығу өтті. Іс-шараға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысты.
  • 27.09 Аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау
  • өткізді. Қабылдауға келген азаматтардың дені жеке мәселелері бойынша жүгінді.
  • Енді бірі жол бойына белгі орнату проблемасын көтерді. Жалпы күні бүгінге дейін А.Сәбитов 16 қабылдау өткізіп, онда 92 азаматпен кездесіп олардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Қазір 27 мәселе орындалып, 36 заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал 22 орындалу үстінде болса, 6-ың мерзімі бар.
  • 27.09 Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың VII кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихат
  • депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық
  • мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов төрағалық етті.
  • 26.09 Еліміздің барлық аймағынан, шет мемлекеттерден келіп демалатын Манкент санаториясы ауданымыздың мақтанышы. Осы орайда, аудан әкімі А. Сәбитов аудандағы емдеу сауықтыру орталықтарының тыныс-тіршілігімен танысып оң бағасын берді.
  • 26.09 Экономиканың күре тамыры – кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Сайрам ауданында кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар аз емес. Аудан әкімі А. Сәбитов аудан аумағында орналасқан кәсіптік нысандарды аралады. Алдымен Ақсукент ауылында орналасқан отандық киім тігетін ” Алтын адам” тігін фабрикасына кіріп, жұмыс барысымен танысты. Бұдан соң аудан басшысы балалар жөргегін шығаратын ” Ca Pable Gruup мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігіне аялдады. Аудан басшысы келесі кездесуін 2006 жылы құрылған кабель шығаратын. ” К. АZ. TEL. ЖШС-інде жалғастырды.
  • Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ