Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Сарыағаш: аудан басшысы табиғи газға қосу жұмыстарымен танысты

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағына арнайы барып,тұрғын үйлерді табиғи газға қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты.

Бірінші кезекте аудан әкімі табиғи газға қосу бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме және жауапты бөлім басшысыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Сондай-ақ, аудан басшысы көпқабатты тұрғын үй аумағында құрылыс жүріп жатқан аялдаманың мән-жайымен танысты.

Айта кетсек,аталған аялдама аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіліп,іргетасы қалануда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Алматы: Алатау ауданында әлеуметтік сала оң нәтиже көрсетіп отыр

admin

Алихан Смаилов представил нового акима Туркестанской области

admin

Түркістан облысында 700-ден астам мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді

admin