Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте тәртіп сақшылары шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

Шымкентте тәртіп сақшылары шетелдік азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, Индонезиядан Қазақстанға алғаш келген туристер Шымкент қаласына тоқтаған.

Ұялы телефондарын өңірлік байланыс операторларына тіркей алмаған шетелдіктер полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Ruth, Robeto, Justin есімді азаматтарға туристік полиция инспекторы Алимсеитов Адилхан қызмет көрсетті.

Тәртіп сақшысы қонақтардың смартфонын өңірлік байланыс операторларына тіркеп, интернет желісін қосып, карта, такси құрылғыларын түсіндіріп, ақша айырбастау орнына бірге барып, заңдылықты қадағалап, қонақ үйге орналасуларына көмектесті.

Мегаполис полицейінің сауаттылығы мен ыстық ілтипатына риза болған туристер шынайы алғысын білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қала аумағындағы шомылу маусымы қорытындыланды

admin

Рекорд: Елдегі депозиттердің негізгі бөлігі 5 банкте жатыр

admin

Астанадан 98 мың еуроны заңсыз алып кетпек болған шетелдік ұсталды

admin