Шымкент: Өрт сөндіру депосы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі

 Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.

 Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.

 Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.

 Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Айта кетейік қыркүйек айында Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ