Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған

Петропавлда әйелімен жанжалдасқан соң бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Енді ол 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық сотының мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы («Қорқыту») бойынша қаралды.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында болды. Ш. есімді сотталған мас күйінде бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқан. Оған бірге тұратын әйелмен жанжалдасуы себеп болған. 

Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақтырамын деп қорқытқан Ш. қолға түсті.

Прокурор айыптаушы жақты қолдап, Ш.-ны 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын беруді сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот мұны есепке алғанымен, қылмыстық теріс қылықты мас күйде жасағанын айыпты ауырлататын жағдай деп есептеді.

Петропавл қалалық соты Ш.-ға Қылмыстық  кодекстің 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғары жазаны берді. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ одан зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өндіріліп алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу тұрғындарына қайтарымсыз грант уәде еткендер ұсталды

admin

Шымкентте жылына 100 мың дана металл бөшкелерін өнідіретін кәсіпорын жұмыс жасайды

admin

Түркістанда өткен республикалық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

admin