Жамбыл: жеке құрамға қажетті ақпарат берілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті өз қауіпсіздігі басқармасының аға жедел уәкілі әділет майоры Ержан Кентаевтың төрағалығымен кеңестер өтті. Кеңес шеңберінде оларға дәріс арқылы жеке құрамға Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдар, құқық бұзушылық жасау фактілерін белгілеу үшін техникалық құралдарды қолдану тәртібі, ҚАЖ бөлімшелері арасында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы ақпарат жеткізілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбай Байхожаев адамның конституциялық құқықтарына, конвенцияларға және Азаптауға жол бермеуге қатысты мәселелерді қозғады. ҚАЖД режим және қадағалау бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Асхат Примкулов дағдарыс жағдайында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) іс-қимыл алгоритмін жеке құрамға жеткізді. Кадр саясаты бөлімінің жеке құрамы бойынша аға инспектор психолог әділет капитаны Дмитриенко Анна “Стресстің себептері және одан шығу жолдары. Эмоционалды және психикалық жағдайды өзін-өзі реттеу тәсілдері”, сонымен қатар стрессті, шиеленісті, өзін-өзі басқару тәсілдерін жеңілдету үшін жаттығулар жасады.

Іс-шаралар сәтті өтті және жеке құрамға қажетті ақпаратты және сонымен бірге релаксацияны алуға мүмкіндік берді.

ПІКІР ЖАЗУ