Шымкентте ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

Желіде ауруханада ер адамның медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны бейнеленген видео тарады. Алдымен науқас әдепсіз сөздер айтады, содан кейін күш көрсетуге көшеді. Оның қасында осы уақыт бойы қолында баласы бар әйел болған.

Белгілі болғандай, оқиға 20 қыркүйек күні кешке Гипербаррикалық оксигенация орталығында болған. 28 жастағы науқастың туыстарының айтуынша, ол улы сұйықтық ішкен. Ер адам өте ашулы болған, сондықтан дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрілер салуды ұйғарған. Алайда науқас орталық қызметкерлерін ұрмақ болыпты.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы істің Шымкент қалалық ІІД-не тапсырылғанын хабарлады. Алайда «Vrachi Shymkenta» парақшасында жазылғандай   олар өтінішті қабылдаудан бас тартқан көрінеді.

Еске сала кетейік, бұл бір аптада медицина қызметкерлеріне жасалған екінші шабуыл. Екі күн бұрын Талғар ауруханасында қайтыс болған науқастың туыстары медбике мен дәрігерді соққыға жыққан болатын.

ПІКІР ЖАЗУ