Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді

Тараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде “Канал-тосқауыл” халықаралық операциясы жүргізілді.

Шара барысында Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынының бақшасынан жалпы салмағы 24 келі 300 гр болатын каннабис өсімдігінің 24 бұтағы табылды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Мүгедектігі бар азаматтардың ұсыныстары тыңдалды

admin

Шардара: Аудан әкімі саябақтарды аралады

admin

Кезекті қоғамдық қабылдау өтті

admin