Жамбыл: білім саласының жай-күйі басты назарда
Іссапар барысында облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен жан-жақты танысты. Қазіргі таңда 12 мамандық бойынша 590 студентке білім беріп отырған оқу ошағының директоры Олжас Мұсақұлов алдағы екі, үш жылда тәрбиеленушілердің санын мыңға жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар колледж директоры қыз балаларына арналған мамандықтар ашу, жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруда оқу ошағының базасында тәжірибе шыңдауға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарымен бөлісті.
Бітіруші түлектердің 80 пайыздан астамы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып отырған оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен толыққанды танысып шыққан аймақ басшысы өндіріске ең қажетті маман даярлау ісі қашанда қолдау табатынын айтты.
Ербол Қарашөкеев ауданға қарасты «Арай» алқабындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысымен танысып шықты.