Жамбыл: әкім ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін құттықтады
Бүгін аралас жауынгерлік жекпе-жектен ҚР спорт шеберлігіне үміткер Рүстем Құдайбергеновті, бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ангелина Лукасты өткен жарыстардағы жеңістерімен құттықтадым.
Аралас жекпе-жектің спортшысы Рүстем Құдайбергенов 9 қыркүйекте Alash Pride промоушн турнирінде жеңіл салмақта титулдық жекпе-жек өткізіп, ресейлік Низамуддин Рамазановты нокаутқа жіберді.
Ангелина Лукасың алғашқы бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Цой Феликс Тихонович. Қазіргі жаттықтырушысы – Рахманбек Аргимбаев. 2021 жылдан бастап кәсіпқой бокстан 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. WBC, IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы.
Елімізде оның ішінде біздің облыста да Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жастардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Жас спортшылардың жеңісі осының айқын дәлелі.
Жерлестеріміздің бүгінгі айтқан мәселелеріне назар аудардым, жаттығу өткізетін нысан салуды алдағы уақытта жан-жақты қарастыратын боламыз. Жамбылдың бокс мектебі елдегі өзіндік орны қалыптасқан орта. Талай атақты спортшыларды шығарды.
Біздің мақтаныштарымыз ел намысын лайықты қорғау үшін бар күштерін салды. Жанкүйерлердің шынайы қолдауы біздің чемпиондарымызға ерекше күш беретіні сөзсіз. Олардың жетістіктері тек облыстың ғана емес, мемлекеттің беделін нығайтуға ықпал етеді. Оларға қарап, жастар спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Аралас жекпе-жектің жанкүйері ретінде, осы спорт түрін дамыту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайтын боламын.
Спортшыларға алдағы жарыстардарда сәттілік пен жеңіс тілеймін!