Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Шымкентте медбикелердің қызметі gps құрылғы арқылы бақыланады

Шымкентте медбикелердің жұмысы GPS құрылғысымен бақыланатын болды. Әзірге GPS навигациясымен қаладағы №6 емхананың медбикелері жұмыс істеуде. Жаңа құрылғымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көріп отыруға болады.

Бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізбек.

Пациенттер арасында шұғыл медициналық көмек қажет етілген жағдайда медбике GPS навигациясының батырмасын басса, бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің телефонына шақырту келіп түседі. Соның негізінде дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте бауырлар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

admin

Дендросаябақ ерекше демалыс орнына айналады

admin

Полиция 300-ге жуық есептегі тұлғаны тексерді

admin