НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласына сапары барысында Елбасы Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ «Тұңғыш Президент саябағын» одан әрі абаттандыру жоспарымен танысты.
Мемориалдың ашылу рәсімі аясында Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Дала бірлігі» капсуласын салды. Капсулаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі киелі жерлердің топырағы жиналған.
Анықтама үшін:
«Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен» қазақ хандығының негізін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған. Мемориалдың архитектуралық шешімі – биіктігі 7 метрлік сатылы 21 пилоннан тұратын, диаметрі 35 метрге тең киіз үй бейнелі композиция.
Сәулет кешенінің орталық бөлігіндегі гранит тұғырда хандар ұстайтын асатаяқ пішіндес, биіктігі 12 метрге тең стела орнатылған. Оның түбінде төрт таутеке мүсіні бар. Орталық композицияны ішкі жағынан ұзындығы 28 метрлік «Қазақ хандығының тарихы» барельефі қоршап тұр.
Elbasy.kz

 

ПІКІР ЖАЗУ