Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте әккі ұры ұсталды

Тұран АПБ-ның қызметкерлері ұқсас мазмұнды арыздар бойынша бес ұрлық дерегін тіркеді. Көршілес орналасқан екі көшенің тұрғындары Қазығұрт шағын ауданының аумағында автокөлік батареяларын ұрлаумен айналысатын белгісіз біреу барын айтып шағымданды.

Арызданушылардың сөзінше қаскүнем түнде аулада тұрған көліктердің аккумуляторларын алып кеткен.

Полицейлер оқиға болған жерлерден күдіктіні анықтауға мүмкіндік беретін барлық айғақтарды жинады.  Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде әккі ұрының жеке басы анықталды.

Ол жәбірленушілердің бұрын сотталған 25 жастағы көршісі болып шықты. Ер адам шартты түрде жазасын өтеп жатқан қылмысын қайта жасап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.

– Күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі « Үй-жайға немесе көлік құралына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған ұрлық» бойынша жүргізілуде», – деді Тұран АПБ-ның тергеушісі Дінмұхамед Баймахан.

Тәртіп сақшысы азаматтарды өз мүлкіне мұқият болуға, көліктерді ұрылар оңай қол жеткізетін орындарға қалдырмауға және сенімді дабыл жүйесін орнатуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: эпилепсияға шалдыққан ересек науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды

admin

Экскурсию для школьников организовали полицейские Туркестанской области

admin

Шу қаласының тұрғынынан 100 келіге жуық балық тәркіленді

admin