Түркістанда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығулар өтті
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде сейсмикалық жаттығулар өтті. Түркістан қаласында да барлық мемлекеттік ғимараттарында оқу-жаттығу жүргізілді. Таңғы сағат 10.00-11.00 аралығындағы дабылдан соң, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қызметкерлер сыртқа шықты. Төтенше жағдай қызметінің өкілі азаматтарға қауіпсіздік бойынша кеңес берді.
Бұл жаттығу бүгін Алматы, Шымкент, Абай және Жетісу облыстары, Шығыс ҚАЗАҚСТАН, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүзеге асты.