Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл: ҚАЖ қызметкерлері шеберліктерін шыңдады

Ептілік, төзімділік, шапшаңдық, дәлдік, батылдық. Бұл қасиеттердің барлығы дерлік құқық қорғау органдарында қызмет ететін әрбір тәртіп сақшысының бойынан табылуы тиіс. Себебі, мұнда тәртіп қатаң, бақылау басты назарда. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауы шарт.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы полигонда жоспарға сай өткен оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін тағы бір шыңдауға мүмкіндік алды. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері 9-мм Макаров тапаншасынан нысанаға оқ атып, кезекті рет өздерінің құралайды көзге атқан мерген екендіктерін дәлелдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

admin

2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады

admin

Киелітас ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда

admin