Шымкент тұрғыны Lego ойыншықтарының көшірмесін сатумен айналысқан
Шымкентте LEGO сауда маркасы бар конструкторларды сатқан ер адамнан 70 жалған қорап тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айналымға заңсыз енгізілген тауарды өткізген азаматқа қатысты шешім шықты. Ол ойыншық дизайнының көшірмесін Қытайдан алған.
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қаулы етті. “БН Элитгрупп” ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылсын және 103 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынсын. Айыппұлды төлеуге 30 күнге дейінгі мерзім белгіленсін. Сот қаулысына наразы тараптың 10 тәулік ішінде шағымдануға құқығы ба, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Зияткерлік құқық иесі LEGO сауда белгісін әлдекімнің заңсыз пайдаланғанын айтып, шағымданды. Одан жүз мың теңге залал келген.