Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Таразда көпқабатты үйлерде өртке қарсы оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр

Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық жаттығуларды өткізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі оқу-жаттығу Тараз қаласы, Төле би көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өтті. Өрт — тактикалық оқу-жаттығулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі іске асыратын қауіпсіздік шараларын одан әрі  арттыру бағдарламасы шеңберінде өткізіледі. Осылайша, оқу-жаттығуға 40 адам жеке құрам және 9 бірлік техника (қаланың өрт сөндіру бөлімдері, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы, Өрт сөндіру кезекші қызметі, Тараз қаласының ТЖ басқармасы) жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің басшылығы, бөлімше бастықтары және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де қатысты.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру кезінде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сонымен қатар, Тараз қаласы ТЖ басқармасының мамандары халық арасында профилактикалық жұмыстар және тақырыптық оқыту бағытындағы  сұхбаттасулар жүргізді, — деп жазылған министрліктің мәліметінде. 

Осы ретте ТЖМ Тараз қаласының тұрғындарынан тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада бірнеше мектеп пен шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

admin

“Бозарық” индустриалды аймағы биыл іске қосылады

admin

Облыс әкімі отырарлық тұрғындардың өтініштерін тыңдады

admin