Ермахан Ибрагимовтан “түк көрмегендер” деген сөзін түсіндіруді талап етті

Бүгін оннан астам әйел Алматы әкімдігінің алдына жиналып, мәслихат депутаты, спортшы Ермахан Ибраимовтан “көп балалы әйелдер туралы айтқанын” түсіндіруді талап етті, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Мәселе Ибраимовтың 20 ақпанда Youtube-те жарық көрген сұхбаты жайлы болып отыр. Бір отбасының 5 сәбиі қаза тапқан қайғылы оқиға туралы пікірін білдірген спортшы сұхбатта “бес баланы сыртынан жауып, кетіп қалуды” нағыз “түк көрмегендік” деп бағалаған.

“Жылы кабинетте отыра бермей, “түк көрмегендердің” жағдайын өзі шығып көрсін. Ондай жағдайдан шығу үшін не істеу қажеттігін өз аузынан естиік. Біздің арамызда мүгедек бала тәрбиелеп, көп бала өсіріп отырғандар бар. Балаларды үйге қамап, не үшін шығып жүргенімізді көрсін. 60-70 мың теңге жалақы табуға жағдайы жоқтықтан шығып жүргенін көрсін”, – деді мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Іңкәр Жанәділқызы.

ПІКІР ЖАЗУ