Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте тағы бір жатақхана ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары үшін  жаңа үлгідегі жатақхана өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан жылға студент жастардың саны артып келе жатқандықтан жатақхана тапшылығын шешу – өзекті мәселелердің бірі екені баршамызға аян. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқтала кетіп: «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. 

Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» екенін айтқан.

Ел Президентінің осы тапсырмасын орындау аясында Шымкенттік  «Inter Press BK» компаниясы 2022 жылдың қараша айында 500 орындық заманауи жатақхананың құрылысын бастап, мінеки жаңа оқу жылында барша қауымды қуанышқа кенелтті.   

Жатақхананың іші толығымен жиһаздалғанын және жеті қабатты ғимаратта 2, 3 және 4 адамға лайықталған 160 жатын бөлмелері бар және студенттердің қауіпсіздігі қырағы бақылауда.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 50-ге жуық отбасы баспаналы болды

admin

Түркістан облысы: Мамандар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

admin

Шахтаға алтын іздеуге ұрланып түскен 17 адам тірідей көміле жаздады

admin