Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: жауын суы жиналатын 6 орынның мәселесі шешімін тапты

Бүгінде қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды. Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар бекітілді.

 Мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа жұмылдырылады. Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда.

 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды. Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«Бозарық» шағынауданы бағытындағы айналма жол ашылады

admin

Елімізде ең қымбат азық-түлік қай өңірде

admin

Ордабасы: С.Ысқақ негізгі орта мектебінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан бірнеше өзекті мәселе ортаға салынды.

admin