Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шардара су қоймасындағы су деңгейі азайып кетті

Шардара су қоймасындағы су деңгейі бес есе азайып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар бұл мәселені қоймаға келетін су көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Яғни, көршілес елдерден келетін судың азаюынан қажетті су қоры жиналмаған.

Жалпы Шардара су қоймасының сыйымдылығы — 5 млрд 200 млн текше метр. Бүгінгі күні мұнда 816 млн текше метр су бар. Ал, өткен жылы осы мерзімде 1 млрд 289 млн текше метр су болған. Қазіргі кезде Қызылқұм каналына секундына — 10 текше, Сырдарияға — 100 текше су жіберіліп жатыр, — деді «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы Шардара бөлемшесі бастығының орынбасары Ермек Иса.

Өзекті мәселе жөнінде облыс әкімдігі стратегиялық нысанға жауапты су ресурстары комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігін дер кезінде хабардар еткен.

Сәйкес жаңалықтар

Ресей Еуропаға газ экспортын азайтса, өз экономикасын өзі күйретеді

admin

Астанада 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

admin

2026 жылы салық түсімі 30%-ға өседі – Қаржы министрлігі

admin