Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Төбелес соңы кісі өліміне соқтырды

Шымкент қаласының тұрғыны көшеде төбелесіп, үйінде қайтыс болды. 1982 жылы туған ер адам төбелескен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.

Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды «Шұғыл шақыру» бағдарламасының тілшісі.

Өліммен аяқталған төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, төбелеске екі қатысушы болған.

Олардың алкогольдік масаң күйде болғаны белгісіз. Ер адамның неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.

Сәйкес жаңалықтар

Келес: аудан орталығындағы ауыз судың кермектігі төмендеді

admin

Биыл 4 мыңнан астам бала Президенттің атынан сыйлық пен хат алады

admin

Түркістан: жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды

admin