Көлікте отырып, жолға түкіретін жүргізушілерге жаза бар ма?
Жолда кетіп бара жатып, көліктің есігін ашып сыртқа түкіру немесе қоқыс тастау қаншалықты дұрыс?
Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, әрине, бұл этика тұрғысында дұрыс емес. Өйткені қоршаған ортаға, өзгелерге құрметсіздік таныту болып саналады. Заң тұрғысында да мұндай теріс қылық жасайтындар жазасыз қалмайды.
«Көлік айдап бара жатып, жолға түкіріп кететін немесе қоқыс тастайтын жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабы, яғни «Жол қозғалысы қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзу» бойынша жауапқа тартылады. Бұл бір реттік ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Айта кетейік, 3 айлық есептік көрсеткіш 10 350 теңгені құрайды»,-деді заңгер.