Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тәжікстан кәсіпкерлері жәрмеңкеде 300 тоннадан астам өнім ұсынды

Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясындағы көрші ел кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі

Қажымұқан стадионында жалғасуда. Жәрмеңкеде анар, алмұрт, алма, кептірілген жемістер, бақша өнімдері сатылуда. Сондай-ақ қала халқына қауын, қарбыз,асқабақ, бал өнімдері ұсынылуда.

Сусындар мен шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдерге де сұраныс зор.

Тұрғындар орталық стадионға көптеп жиналып, Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласында табиғи газға қосылған абонент саны — 35 294

admin

Тұрғындарды баспанамен қамту жолындағы ізденістерді тоқтатпаймыз – Дархан Сатыбалды

admin

Оралда кәсіпкерді өлтірген екі күдікті ұсталды. Олардың қайда тығылғанын «тұрғындар айтқан»

admin