Түркістан: жыл басынан 48 көше жөнделіп, 184 көше жарықтандырылды

  • Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
  • 2023 жылы аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді.
  • Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі – 399,34 шқ (47,2%), тас жолдың үлесі- 445,6 шқ (52,8%) жеткен.
  • Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жалғасуда.
  • Одан бөлек, Теміржол вокзалы және Түрік ауылы аумағында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
  • Сондай-ақ, тұрғындар жайлылығын қамту үшін биыл 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған болатын.
  • Қазіргі таңда, 38 көшеде жаяу жүргінші жолы салынды. Аталған жұмыстардың дені әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүзеге асты.
  • Жыл басынан бері, шаһарда 78 шақырымды құрайтын 79 көшеге тас төселді.
  • Қоғамдық көліктер қатынасы бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес бірқатар бағыттарға өзгерістер енгізілді. Соңғы бес жылда облыс орталығына жалпы 134 жаңа автобус әкелінген.
  • Сиымдылығы жоғары жаңа автобустар №1, 1а, 2а, 6, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30, 5, 5а бағыттарында іске қосылып, қосымша №16 бағыт жұмысын бастады.
  • 2023 жылы шаһардағы жарықшаммен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, биыл 184 көшеге жарықшам орнатылды.

ПІКІР ЖАЗУ