Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақ тілін латын графикасына көшіру

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы 3 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға  қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.

Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

1000-нан астам сарбаз 300 млн теңге несиені кейін төлейтін болды

admin

Түркістан бысында «Орталық» қосалқы станция пайда болды

admin

Түркістан облысында бірқатар үздік қызметкерлердің еңбегі ескеріліп, ІІМ тарапынан марапатталды

admin