Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық әйел 9-қабаттан секіріп өлмек болды

Түркістанда өмірден түңілген әйел суицид жасауға талпынған. Ол көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған.

Оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Куәгер полицияға хабарласып, көмек сұраған. Жақын аймақта жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Көрсетілген көпқабатты үйдің 9-қабатынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды көрген қос полицей шұғыл түрде жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған әйелдің пәтеріне барған.

«Ашық тұрған есік арқылы ішке еніп, әйелді ас бөлмесінің терезесінен құлау ниетімен тұрған жерінен анықтады. Оны аман алып қалуға қажетті шараларды іске асырып, терезеден секіруге талпынып тұрған тұрғынды күш салып ұстап қалып, қауіпсіз жерге көтеріп шығарды. Сондай-ақ  құтқару шараларына жергілікті тұрғынның бірі өз көмегін көрсетті» делінген полиция мәліметінде.

Мән-жайды анықтау  барысында әйелдің суицид жасауына масаң күйде болуы әсер еткені белгілі болды. Жергілікті тұрғын теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталамайтынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

admin

Ордабасы: басты міндет — барлық саладағы көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындау

admin

Түркістан қаласына сағатына 80 000 м3/ табиғи газ келіп тұр

admin